Меңдіқара жолына – 1 млрд теңге
Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Меңдіқара ауданына жұмыс сапарымен барды. Актив барысында аудан әкімі Ерлан Теменовтың 2019 жылдың 5 айының қорытындысы және «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру барысы туралы баяндамасын тыңдады. Ауданның 5 ай ішіндегі әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштері едәуір өскен. Жалпы өңірлік өнім 6,3 млрд теңгеге жетті. Өңір басшысы сапар барысында жалпы сомасы 102 млн теңге болатын орталық аудандық аурухана ғимаратын аралап көрді.
Сондай-ақ, соңғы 3 жылда мұнда 100 млн теңгеден астам сомаға медициналық жабдықтар сатып алынды. Өңірде осы бағдарлама бойынша туберкулезге қарсы санаторийге баратын жолды орташа жөндеу жоспарланып отыр, оның ұзындығы 3,6 шақырымды құрайды. Ағымдағы жылы Меңдіқара ауданының автомобиль жолдарына жөндеу жүргізуге бюджеттен 1,1 млрд теңге бөлінгенін атап өткен жөн. Сонымен қатар Боровское және Первомайское ауылдарындағы су құбырын қайта құру барысымен танысты.
Ауданда 82% құрайтын 77,5 шақырым желі салынып, 1470 құдық орнатылды. Ерлан Теменовке аталған ауылдардағы сумен қамтамасыз ету нысанын 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде тапсыру, ІҚМ аналық басын сатып алу және ҚТҚ полигондарын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келтіру негізінде одан әрі кредит беру мәселелерін пысықтау бойынша бірқатар міндеттер жүктелді.
Отырыстан кейін «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындар ауыларалық жолдардың мәселесін көтеріп келді.