Ертеңгі елдің ұланымыз
1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай облыстық қазақ жасөспірімдер театрында салтанатты жиын өткізіліп, еліміздің әнұраны асқақтады.
Мерекелік көңіл күйдегі жиналған халықты қала әкімі Ғазиз Бекмұхамедов құттықтап, жылы лебізін білдірді. Экраннан Елбасының ерен еңбекті көреген көшбасшы екендігін айқындайтын, деректемелер көрсетілді. Қала өнерпаздары ән – жырдан шашу шашып, мемлекеттік рәміздер салтанат құрған айшықты сахнаны думанды дүбірге бөледі.
Мұрат Жүнісұлы
Арқалық қаласы