Қазақ-Қытай әріптестігі нығая түспек

Қытайлықтар бұдан бас-қа да салаларға қызығушылық танытты. Сондықтан кеше облыс басшыларымен арада бірлескен әріптестік қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсуге қатысты меморандумға қол қойылды.
Бұдан кейін меймандар жергілікті өндіріс ошақтарының жетекшілері және ауылшаруашылық тауар өндірушілермен кездесіп, екі жақты келісім мәселелерін пысықтады. Ал түске салым қонақтар Қостанайдағы "Сарыарқа АвтоПром" ЖШС, "Баян сұлу" АҚ, "Терра" ЖШС, "Қостанай ұн комбинаты" АҚ тәрізді ірі өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысып, облыс орталығындағы бірнеше мәдени ошақтарға ат басын бұрды.
Ертең Ганьсу провинциясынан келген кәсіпкерлер Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігінің Президенті М.Турдахуновпен кездесіп, кәсіпорынды араламақ.
Айбек
КӘДІРҰЛЫ