Ахметін іздеген Байтұрсын Ілиясовтың туғанына 75 жыл

…Жазылар естеліктер нешелеген,
Көрерміз анық бәрін пешенеден.
 Мұқағали.
Байтурсын ИлиясБайтұрсын Ілияс – бір көрген адамға томаға тұйық, көптің көзіне түсе бергісі келмейтін, талантын да, табиғатын да тежеп ұстайтын, көзге қораш жан-ау, – деп есептейтін менің пікірім кейіннен мүлдем теріске шықты. Мен ол кісімен өмірінің соңғы он үш жылында үнемі сапарлас бо-лып жүрдім. Ол сапарлар басы; 1991 жылы Торғайдағы Ахаң-Жақаң күндері еді. Бұрындары алдыңғы буын ағалар ізін бағып жүретін менің Бәкең туралы тосын түйсігім осы жолы орайлы болып еді. Бірақ "үнсіз" өткен 5-6 жыл бұл бейнені де көңілімнен "шеттетуге" айналған-ды. Кенет, 1996 жылғы академик Зұлқарнай Алдамжаров ұйымдастырған Байтұрсын Ілияс басқаратын "Ақ жол" экспедициясы құрамына менің Ғайыпназар ағаның ұсы-нуымен мүше болуым Бәкең ту-ралы пікірімді одан әрі ұштай түс-ті. Менің сапар барысындағы басты міндетім – жолбасшылық, ел арасындағы Ахмет Байтұр-сынұлының жүріп өткен іздері, көзін көргендермен кездестіру, Торғай өлкесіндегі бедел, білі-гімді қолданып экспедицияның табысты болуына қол жеткізу.
…Жаман шақ, ел жүдеу, электр жарығы жоқ, жанар-жағар май тапшы. Әсіресе, шамалы күнді бұлт басып, жаңбыр сіркірегенде топ жетекшісі Бәкеңнің көңілін тауып, шабытына жағдай жасау.
Сонымен, 1996 жылдың екінші шілдесі,  жолдамыз. Он екі орын-дық "Пазик" толы адамның әр-қайсысы өз ойымен әлек. Ал, Бәкең ұмыт болған жоқты жоқтап, ойымен алдағыны шолып асығу-лы. Менің тілеуім – жолдың аман-дығы, істің сәтті басталуы. Береке дарып, құт  қонған кешегі бай өл-кедегі қоныстарды көргенде көңіл құлазиды. Әйтсе де, алғашқы күн-гі кеш сәтті басталып, Торғай елінде кездескен Сейдағалиев Ғалым, Камалов Мұратқали ақсақалдардың әңгімелері біздің күдігімізді сейілтіп алға жетеледі. Алғашқы жолды Ахаңның Бәдри-сафасымен қосылғаннан бергі елге шыққан алғашқы сапарын-дағы бірінші аялдамасы Құмкөлге табан тіредік.
Бәкең көңілденіп: – Міне, міне, жігіттер, халық үшін еңбек еткен ерлерді халық іздейді, біз сол халықтың бір ғана бөлігіміз, асығу керек. Бүгін біз таппасақ, пәлен ғасырдан кейін бұл іздерді архео-логтар біз таптық  деп мақтанбай ма? Айнадай жарқыраған Құм-көлді, жұпар иісі аңқыған Құмкөл жағасындағы қалың тоғай болып сыңсыған жидені суретке түсіртіп жатыр Бәкең. Жолшыбай кездес-кен дала бүркіті іспеттес жапалақ ұясындағы балапан да Ахаң ата-сының қыстауы, ұмыт бола бас-таған ата қорымы да, әбден шө-ліркеген даладағы жердің жа-рығы, киелі саналатын Қара тұз көлі, Ахаң елінің ұшқан құс, жүйіткіген аңы да ұмыт қалмай суретке түсіріліп жатыр. Бәкең – көңілді, сапарымыз – олжалы. Ал-ғашқы күнгі қабағындағы бұлты сейілген. Міне, Ахаңды көріп Бәд-рисафаның шипалы қолынан ем қабылдаған кешегі жалшы бала бүгінгі тоқсандағы шал, тірі куә Әубекті көріп естелігін тыңдаған-дағы, Ахаң туған үйдің қабырға-сынан саман кірпіш алып, алғаш олжасын мәшина қорабына сал-ғандағы Бәкең бейнесі әлі көз ал-дымда. Көңілді сәтті пйдаланып: "Аға, ертең амандық болса, Қыз-белдегі Ахаңның көзін көріп, Ахаңның қолынан ет асаған  Бәйекемен кездестіремін", – де-генде Бәкеңнің қуанғанын айт-саңшы. Жолшыбай ешнәрсені қалдырғысы келмейтін Бәкең, диктафон баспасына Жүсіпбек ақын жырларын, Ұябай шалдың әңгімесін де қалдырмай жазып алды. Бас-аяғы төрт-бес күннің ішінде, қаншама олжаға кенеліп, 125 жылдық тарихты жинағандай болды.
Сол еңбегі бұл күнде Ахаң уни-верситеті мұражайында сөйлеп тұрса, Байтұрсын Ілияс  негізін қалады деуге  тұрарлық журна-листика факультеті, "Жас өркен" журналы, "Білім жарысы" газеті, оларды шығаратын баспа орта-лығы – талай болашақ қаламгер жастың көрігі іспеттес.  "Алтын бе-сік" кітабы да осы сапар туын-дысы.
Бір қарағанда өзгелерден еш айырмашылығы жоқ сияқты, кейде бірінен бірі ел есінде қалар ерекше істері болмады десек те, арамыздан кетіп алыстаған жақсылар қадірі кейін біліне бастайды. Осынау бір көргенде жұмбақ сияқты ағамыздың, туған жерін, одан шыққан асыл ұлы-ларды  соншалық шексіз қадір-леп сүйетініне, ақылман ақын-дығына жақында ғана қолыма түскен "Патша көңіл" атты шағын өлеңдер жинағынан:
Сондағы біздің көшеден,
Он ақын шыққан деседі.
Солардың дүлдүл шешені,
Нүрекең шіркін осы еді?! – дегенін оқығаннан  кейін  жете бі-ле бастадым. Балалық шағы өт-кен алты көшесі бар шағын Тор-ғайды үлкен шаһарға балаған ақын мақтан тұтқан он ақын – Әл-мағанбет, Әли, Нұрхан, Жүсіпбек, Сырбай, Ғафу, Шәміл, Серғали, Шадыман болса, олардың жас өскін тұяқтары – Өзі мен Қоғабай еді.
Байтұрсын "өмірден өкініште өткен Ахаң сияқты ұлылардың  жолы бірі ерте, бірі кеш болса да ұрпақты бір қараға жеткізері анық"  деумен кетті. Ахаң рухы тегінде оған кәміл берілген Бай-тұрсын сияқты құдай деген адам-дар ізденісімен ілгерілейді. Өйт-кені Ахаң елім, ұрпағым деп тер төккенде, өз ісін жалғастырар жақсыға, істі іс қылар, болашаққа ұмтылар азаматтарға сенді!
Байтұрсын Ілияс нақ сондай жанның өзі еді! Әттең?!…
Ибраһим АҒЫТАЙ,
 ҚР Журналисттер одағының мүшесі, Ахметтанушы, " Ақжол", "Бәдрисафа",  экспедицияларының мүшесі.
Қостанай қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓