Мал азығының мол қорын жасап алмақ

 

Жанкелдин ауданындағы Албарбөгет селолық округінде 4139 қара мал, 13647 қой-ешкі, 1285 жылқы және 55 түйе өсіріледі. Яғни, мұнда төрт түліктің бәрі бар. Осынша малды қысқа түсіру үшін 10 мыңнан тоннадан артық шөп қажет көрінеді. Бүгінгі таңда ауылдағы шөпшілер бригадасы барлығы 4 мың 300 тонна сапалы мал азығын дайындап үлгеріпті. Мұның сыртында Көлқамыстағы "Сыма-К" ЖШС-і   3500 тонна пішен шауып, буылған шөпті қыстақ басына тасып алды.   Серіктестік әлі  3000 тонна-                дай шөп әзірлеуді жоспарлап отыр.
мал аз– "Селолық округте 18 шаруа қожалығы бар. Солардың бәрі шөп шабу науқанына білек сыбанып кірісуде. Әзірге күн сал-қын болып, шөпшілер бір-екі жұмысын тоқтатты", – дейді Албарбөгет селолық округінің әкімі Отаралы Біржікенов, – шаруалар қазан айының орта шеніне дейін  науқандық шараларды кідіртпейді. Бізде шөптің бағасы онша қымбат емес.  Шаруалармен 1 тонна шөпті 5-7 мың теңге көлемінде сатуға уағдаластық. Бірақ, биылдыққа шөп сатыла қойған жоқ.
Ауыл басшысының сөзіне қарағанда, биыл көктемде судың табанға мол жиналуы шөп шығымына әдеуір әсер еткені байқалады. Әсіресе, "Қарақоға", "Жартоғай", "Қостам" және Көлқамыс қоныс орындарының маңайындағы шабындықтың шөбі шүйгін.
Қалай болғанда да қысқа түсетін малдың күйін жоғалтпауы мал азығының мөлшеріне байланысты екені күмәнсіз. Арқа қысының қытымырлығын ескерсек, алты ай қыста шаруа жәйін жақсы білетін ағайынға ала жазда қарап отыру жат екені айтпаса да түсінікті.
 
Әлібек Ыбырай

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓