Тағзым белгісі

Алтынсарин ауданында қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге ескерткіш ашылды.IMG_8604-19-09-19-04-30
Ашылу рәсіміне ішкі істер органдарының ардагерлері, полицияның жас көмекшілері, полиция бөлімінің жеке құрамы қатысты.
Алтынсарин ауданы әкімінің орынбасары Ержан Самидосовтың айтуынша, бүгін ауданда маңызды оқиға екенін атап өтті. Енді мұнда полиция күні, жас қызметкерлердің ант қабылдауы сияқты маңызды шаралар өтетін болады.IMG_8596-19-09-19-04-30
Қостанай облысы ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев тәуелсіздік жылдары Қостанай облысының 42 полицейі, аса қауіпті қылмыскерлерді ұстау кезінде 11 адам қаза болғанын атап өтті. Бүгінгі іс-шара – бейбіт уақытта азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін берген адамдарға құрмет көрсету. Олар әрқашан жас ұрпаққа үлгі болады.ъҚостанай облысы ПД ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Өмірбаев жеке құрамға Отанға адал қызмет ету және ант пен борышты сақтау қажеттілігі туралы айрықша атап өтті. Жиналғандар ескерткішке гүл шоқтарын қойып, қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.IMG_8598-19-09-19-04-30
 
Қостанай облысы ПД баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓