Ел дамуының айнасы

"Ел дамуының ең басты көрсеткіші жол мәселесі. Әрбір дамыған мемлекет осындай жағдайды бастан өткерген. Біз де осы жолмен өтеміз", – деді Нұрсұлтан Әбішұлы. Осыған сай алдағы уақытта "Астана", "Атырау", "Ақтау" бағыттарына жол салынады. Ел мен елді шендестіріп, тың жерге тіршілік әкелетін жол құрылысының қарқын алатынын естіп, қуанып жатырмыз. Дайындық жұмыстарын бастап та кеттік. Жол салуда тәжірибеміз бар. Тас үгітетін, асфальт шығаратын зауыттарымыз, күш-көлік техникамыз жеткілікті.
Жолдауда айтылған қолжетімді баспаналардың тұрғызылатындығы әрбір жас отбасының ертеңгі күнге деген сенімдерін нығайтары сөзсіз. Мектеп, балабақша мұқтаждықтары да таяу жылдарда түбегейлі шешілмек. Өнеркәсіп салалары өнімді өздерінде өндіруге күш салады. Моноқала мәселесі де күн тәртібінен түспейді.
Қазіргі таңда қаладан 60 пәтерлі үйдің құрылысын аяқтау шегіне жеткізіп, алдағы Тәуелсіздік күнінде пайдалануға бергелі отырмыз.
Абай Мұқанов,
қалалық мәслихаттың депутаты, "НұрОтан" партиясының облыстық, қалалық саяси кеңесінің мүшесі, "Алюминқұрылыс" ЖШС бас директоры.
Арқалық қаласы.