Жүрегі ел деп соққан

(Елбасыға арнау)
photo_3580

Елбасы жастардың ортасында

Болсақ та бүкіл елдің ең жасы біз,
Өзгемен өрге жүзді тең тасымыз.
Әлемге әйгілеген елімізді,
Жүрегі ел деп соққан Елбасымыз!
 
Елбасының тарих қой өткен жолы,
Көз жүгіртсең көкейге тұнады ой.
Еңбектеніп, ел үшін төккен тері,
Қайталанбас ерліктен тұрады ғой.
 
Елбасым – байтақ дала, ел тірегі.
Халықпен еселенген ер еңбегі,
Cалдырған Сарыарқаға Астананы,
Қазақтай кемел елдің кемеңгері.
 
Елбасы құт-береке ұйытты елге,
Кең байтақ қазағымдай сүйікті елге.
Елімнің кенже қалған бар саласын,
Көтерді заңғар-заңғар биіктерге.
 
Алланың нұры жауып Алашыма,
Құт қонды қазағымның даласына.
Бар әлем  біздің елдің Елбасындай,
Қазақтың қайран қалар баласына!
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓