Жастардың үздік жобалары
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та биылғы Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына кіруіне білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқатын арттыру үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған институт ректоры Әбдірахман Найзабеков қазіргі заманның жастары үш тілді жетік меңгерген, ұшқыр ойлы, инновациядан хабардар болуы шарт дей келе, Қазақстандағы индустриялық-инновациялық жобалардың табысты жүзеге асуын білімді жастармен байланыстырды. Сондықтан жастарға артылар жауапкершілік жүгінің ауыр екенін ескертіп, конференция жұмысына табыс тіледі.
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ.