Құран жарысы өтті
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық мешітте қасиетті Құранды жатқа оқудан жарыс өтті.
Жарыс талабына сәйкес қатысушылары 30 параны толық жаттау керек және оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланды. Аталмыш шараға облыс көлемі бойынша қалалар мен аудандардан 25 шәкірт қатысты.Осы талаптардан мүдірмей өткен Арқалық қаласы Мухтасиб Әлмухаммед мешітінің шәкірті Амандық Абраев бас жүлдеге ие болды. Ұйымдастырушылар оған теледидар сыйлады. Ал 1-ші орынды облыстық Марал ишан мешітінің шәкірті Абылай Хайрулла, 2-ші орынды Қостанай қалалық мешітінің шәкірті Әбілқасым Абдуррахманұлы иеленді. Жүлделі 3-ші орын Арқалық қалалық мешітінің шәкірті Асқар Бекбосынға бұйырды. Сонымен қатар, жүлде алғандарға қаржылай да сый-сияпат жасалды.Облыстың өкілі, бас имам Б. Нұрғабылұлы шараға қатысқан барлық шәкірттерге алғысын білдіріп, қатысушыларға ынталандыру сыйлығына қасиетті Құранды тарту етті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
өкілдігінің баспасөз қызметі