«Қой жылы» ескерткіш алтын және күміс монеталары айналысқа шығады

11Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2014 жылғы 21 қарашадан бастап "proof" сапасымен номиналы 500 теңгелік "Шығыс күнтізбесі" монеталар сериясынан "Қой жылы" ескерткіш алтын және күміс монеталарының айналысқа шығатыны туралы хабарлайды.
"Қой жылы" алтын және күміс монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт  жағындағы бейнелері бірдей.
Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін "500 ТЕҢГЕ" деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ", ағылшын тілінде "REPUBLIC OF KAZAKHSTAN" деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі.            
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓