ЕҢСЕЛІ ЖОБА – ЕЛ ИГІЛІГІ
Биыл өңірде 12 млрд теңгеден асатын бес ірі инвестициялық жоба жүзеге аспақ. Осылайша, мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылмақ.

-Былтыр жалпы құны 20 млрд теңгеге бағаланған жеті инвестициялық жоба пайдалануға беріліп, 600 жұмыс орны ашылды. Енді үстіміздегі жылы 112 млрд теңгеден астам қаржыға бес инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз. Мәселен, биыл "Беларусь" тракторларының өндірісі іске асыруды аяқтаймыз. Кәсіпорында трактор кабиналары құрастырылады. Бұл бөлшектерді жергіліктендіру көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді. Жобаға 83 млн теңге инвестиция тартылды. Зауытта 100 жұмыс орны ашылып, жылына 10 мың кабина шығарылмақ. Қазір кәсіпорын өнеркәсіпті дамыту Қорымен өндіріс цехын жарақтандыру үшін лизингтік қаржыландыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр, – дейді басқарма басшысы.
Үстіміздегі жылы аяқталатын жобалардың ішінде қуаттылығы жылына 600-дей коммерциялық техника шығаратын "Технопарк КЗ" ЖШС жобасы да бар. Жобаның құны 2,9 млрд теңге. Жаңа кәсіпорында 180 адам жұмыс істейтін болады. Әзірге нысанның құрылысы біткен жоқ. Ал "СарыарқаАвтоПром" биыл жаңа Chevrolet Enix шығаруды бастайды. Жоба шамамен 23 млрд теңге бағаланып отыр. Кәсіпорында жылына 400 адам жұмыс істеп, 30 мың көлік құрастырылады.

Биыл Арқалықта жаңа инвест жоба ел игілігіне айналатын болды. "Торғай Инвест Групп" ЖШС қуаттылығы жылына 50 мың конвейерлік роллер шығаратын өндіріс іске қосылады. Жобаның құны – 159 млн теңге. Ол сәуір айында ашылады.
Әлібек ЫБЫРАЙ.
Суреттерді түсірген Б.КӨРКЕМБАЕВ.