Шайсұлтан аға шапағаты

IMG_56891Жақында облыс жұртшылығы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Білім министрі, біздің жерлесіміз Шайсұлтан Шаяхметовтың туғанына 75 жыл толу мерейтойын лайықты атап өтті. Шәкеңнің ұл-қыздары ағамызға Қостанай қаласында мүсін орнатып, оның есімін есте сақтау үшін келісті бір шараны жүзеге асырды.
Сол салтанатты шаралар ке-зінде мен іссапарда болып, ескерткіштің ашылу рәсіміне қатыса  алмап едім.  Қостанайға келісімен отбасымды, ағайын-туғандарымды алып Шайсұлтан Шаяхметов бюстінің қасына келіп, тағзым еттім. Өйткені Шәкеңді тіршілікте ерекше сыйлап, құрметтеп жүретін жандардың бірі де өзім едім.
…1995 жылғы 29 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті өзінің Жарлығымен мені Қостанай облысының әкімі етіп тағайындады. Жаңа лауазымда сол кездегі Ел астанасы Алматыға барғанымда осы Шәкең мені қонақүйге әдейі іздеп келіп, ағынан жарыла ақ тілегін айтты.
– Қостанай – киелі жер, құйқалы, қазыналы өңір, сол қасиетті мекеннің тізгінін сол өлкенің өз түлегі ұстағанына қуаныштымын. Жасы үлкен, жолы үлкен, тәжірибелі жан ретінде көмек қолын созуға әрқашан дайынмын, – деді.
Бұрын-соңды сырттай ғана таныстығы бар республика  көле-мінде асқан беделді ағаның бұл сөзі мені ерекше толқытты.
Іске кірісіп, жұмысты жоспарлаған сәтте Алматыда облыстың бір өкілі болуы керек деген ойға келдім. Есіме Шәкең түсті. Зейнеткерлікке шыққан ағам бірден келісті. Оған Қазақ КСР Ауыл шаруашылық министрлігі ғимаратынан қызмет орны тиді, көмекшісі, хатшысы, автокөлігі болды. Шәкең тапсырылған шаруаны ерекше ұқыптылықпен тындырып жатты. Үкіметте, министрліктерде, жалпы зиялы қауым ортасында Шәкеңнің орасан зор беделі бар екен, соның арқасында қандай да болмасын мәселе оң шешімін тауып жататын еді.
Ал  ағамыздың Тәуелсіз Қазақстанның білім саласын  дамытуға қосқан үлесін әркім де жоғары бағалайды. Бұл туралы Қостанайдағы салтанат кезінде академиктер Кенжеғали Сағадиев, Сағындық Сатыбалдин, облыс әкімі Нұралы Садуақасов және бас-қалары өте орынды айтқан екен.
Шайсұлтан Шаяхметов – халықтың ұлы, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. Осындай таутұлғаға қандай құрмет көрсетілсе де артық емес. Соны түсінген ағамыздың ұлы Бейімбет бастаған барлық ұрпағына айтар алғысым шексіз.
Тоқтарбай ҚАДАМБАЕВ.
Қостанай қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓