Қайта қауышу

IMG_0607Көркемсурет галереясында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының көркем-сурет факультетінің 35-жылдығына арналған халықаралық көрме ашылды.
Көрмені ұйымдастыруға бастама жасағандар аталмыш оқу орнында бұрын қызмет істеген оқытушылар мен түлектер. Көр-меге олардың кескіндеме, графика, мүсін сияқты түрлі жанрларда орындаған жұмыстары қойылды. Абай атындағы ҚазПИ түлегі, осы факультеттің оқытушысы А.Переверзев  факультеттің   алғаш ашылуына мұрындық болды. Бүгінде ол педагогика ғылымдарының кандидаты, СҚӨ және дизайн кафедрасының профессоры, Нижневартовск мемлекеттік университеті өнер және дизайн факультетінің деканы.
Бүгінгі күні көркем-сурет факультетінің түлектері әр саладан көрініп, түрлі көрмелерге белсенді қатысуды. Олар көптеген жетістіктерге қол жеткізіп, ғылыммен, шығармашылықпен айналысады. Көбісі Ресей мен Қазақстанның жетекші білім ордаларында сабақ береді.
35 жылдан кейінгі кездесу әсерлі болды. Кездесуге келгендер ішкі толқыныстарын білдіріп, пікір де алмасты. Келушілер жағалай ілінген жұмыстарды тамашалауға мүмкіндік алды.
Айтолқын
        АЙҚАДАМОВА
Суретте: кездесу барысында.
Суретті  түсірген  Бағдат  АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓