“Мен сені сүйемін, менің САРЫКӨЛІМ!”

E97D~1Маңызды мереке қарсаңында  "Жас Отан" Жастар қанаты еңбек мейрамын ұйымдастырып, былтыр бастау алған "Мен сені сүйемін, менің Сарыкөлім!" атты тазалық науқанын жалғастырды.
– Біз әрдайым көше бойымен өтушілердің бос бөтелкелер мен азық-түлік салған пакеттерін қоқыс қораптарына емес, аяқ астына тастай салатынын аңғарамыз. Бұл жасап жатқан қылықтары тек қоршаған ортаға ғана емес,  өздеріне және  ет-жақындарына да кесірі тиетінін мүлдем ойламайды. Біз туған жерді тазалау арқылы, сол олқылықтардың орнын толтырып, елге деген сүйіспен-шілігімізді одан әрі күшейте отырып, өзгелерге үлгі болғымыз келеді, – деп ауқымды акцияның мақсатын айтқан "Жас Отан" ЖҚ-ның хатшысы Талғат Жауғаштин өз пікірін осылайша білдірді.
Міне, ұдайы ұйымшылдықты ұстанған жасотандықтар, колледж директоры Бақытгүл Асанованың басшылығымен "Әлібек Батыр", "Свобода", "Гагарин", "Павших Борцов" көшелері-не санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Руслан ӘЛКЕЙ.
Сарыкөл ауданы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓