Абай оқулары – 2021
Арқалық қалалық білім бөлімі қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев пен Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармалары бойынша «Абай оқулары» байқауының қалалық кезеңін өткізді. Байқау 5 аталым бойынша өтіп, оған жалпы саны 57 оқушы қатысты.
Жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Абай оқулары» байқауының мақсаты – жалпы адами және ұлттық құндылықтардан негізделген тұлғаның рухани-адамгершілігін және этикалық қағидаларын қалыптастыру, туған тілін және қазақ халқының мәдениетін құрметтеу; мектеп оқушылары арасында Абай мен Шәкәрім шығармаларын насихаттау; оқушылар бойында шығармашылық қабілет, эстетикалық сезім, тұлғаның сезімталдық мәдениетін дамыту; поэзияға, Абайдың рухани мұраларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, тарихи ойшылдықты, тұрақты өмірлік ұстанымды, адамгершілік, демократия мен азаматтыққа бағытталған санасезім мен дүниетанымды қалыптастыру.
Қазылар алқасының шешімімен Абай мен Шәкәрімнің бірнеше шығармаларын жатқа білетіндігімен айрықша көзге түсіп, сазына, ырғағына келтіріп келістіре мәнерлеп оқып, жүлделі орындарды жеңіп алған жеңімпаздарға байқаудың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама берілді.
Мұрат
Жүнісұлы
Арқалық қаласы.