Жастар үлесі қомақты

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты Жолдауын "Нұр Отан" партиясының қалалық "Жас Отан" жастар қанаты дөңгелек үстел басында талқылады.  
 Онда "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Хамзин, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы М.Айтмағамбетова, "Жас Отан" жастар қанатының атқарушы хатшысы А.Ахметжановтар Жолдауда айтылған құндылықтарға жеке-жеке тоқталып, алда тұрған міндеттерді талдап, түсіндірді.
 Елбасы айтқандай: 2015 жыл – тарихи тұрғыдан алғанда маңызды жыл. Алдағы жылы болатын "Қазақ хандығының – 550 жылдығы", "Қазақстан Халықтар Ассамблеясының – 20 жылдығы", "Ата Заңымыздың – 20 жылдығы", "Ұлы Жеңістің – 70 жылдығы" сынды шоқтықты мерекелер жоғары деңгейде аталып өтуі тиіс. 
 Дөңгелек үстелде сөз алған жастар қауымы да бірауыздан Жолдаудың жүзеге асуына өздерінің белсенді үлес қосатындықтарын айтты. 
Мұрат
       ЖҮНІСҰЛЫ
 Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓