Еріктілерге – Елбасы марапаты

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың атынан «Biz Birgemiz» жобасы аясында белсенділік танытқан еріктілерге алғыс хаттар тапсырды. Аймақ басшысы бұл туралы "Инстаграм" желісіндегі парақшасында жазды.2cc1226f-7d51-494e-8b45-ccd6cb58c68645f6e2cc-e511-4c23-b18f-2cfd95bb71b9"Карантин кезінде волонтерлер отандастарға азық-түлік, бірінші қажеттілік құралдарымен және дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуге қолдау көрсетті.
Біздің облыста барлығы 122 ерікті марапатталады. Сонымен қатар, акцияға бизнес-қауымдастық өкілдері де белсенді қатысты. Облыс меценаттарының қолдауымен 9 мыңнан астам адамға 136 млн теңгеден асатын сомаға көмек көрсетілді", – деп жазды облыс әкімі.b410f157-21b1-4b90-9753-65ae6a59992e89008ba3-4801-4cb8-bb19-228f514e1a837557f7e0-6254-4fd4-bf1c-f29e077fbdc6Архимед Бегежанұлы желідегі жазбасында Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоры мұқтаж азаматтарға 50 мың теңге көлемінде тікелей ақшалай көмек көрсету туралы шешім қабылдағанына да тоқталды. Айтуынша, осы арқылы облыс бойынша 21 630 азамат жалпы сомасы 1 млрд теңгеден астам сомада жәрдемге ие болған.56a2b5e1-2c6c-4b69-b9b1-5130cc4520a68987c7d2-de9b-43f8-97c9-0bb0a7109c1a9c339beb-8ad6-4ab9-b41d-ca3a55336a5f0236d470-62ca-47c4-9c9c-6d402d9901dfe6de28d1-bebc-4a3b-aae0-c15260df0e6b"Жалпыұлттық акция аясында еріктілер ретінде халықты қолдауға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіремін!" – түйіндейді жазбасын А.Мұхамбетов.40db81fc-7172-4bb6-a556-b810fa2bce90
Суреттерді түсірген Бердіболат Көркембаев

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓