Басты мұрат – Ел бірлігі

Ұлттық ғылымды дамыту – бәсекеге қабілетті елдердің қатарына кірудің алғы шарты. Бұл орайда Елбасы жоғары оқу орындарына сенім артып отыр. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылар қауымы және студенттерімен жергілікті билік өкілдері кездесті. Жиында бас құжатта жүктелген міндеттемелер әңгіме өзегіне айналды.
Жақында жарияланған Елбасының халыққа Жолдауы жер-жерде қызу талқылануда. Әсіресе, бүгінгі күні көпшіліктің бас ауруына айналған баспана мәселесін шешудің жолы айқындал-ған. Елбасы маңызды құжатта Үкіметке бірқатар жаңа бағдарламалар әзірлеуді тапсырып, тұрғын үй түйткілінің шешімін   тауып, баспананың шын мәнісін-де қарапайым халық үшін қолжетімді болуын қадап тапсырған еді. Бұған біздің өңірде қалай іске асып жатқаны туралы Қостанай қаласының әкімі Ахмедбек Ахметжанов айтып берді:
– Мен былай дер едім, халықтың күйі – баспана мәселесі. Осыған орай, облыс орталығында тұрғын үй мәселесі біртіндеп оң шешім тауып келеді. Кезегін күткендер саны қысқарып, қоныс-тойын тойлап жатқандар саны артуда. Оған Әуежай мен КСК шағын аудандары аумағында бой көтеріп жатқан жаңа баспаналар дәлел. Жас отбасыларға жағдай жасалып, кезекте тұрғандар көптен күткен армандарына қол жеткізуде. Бұл үрдіс болашақта да өз жалғасын табады. Оған Елбасы Жолдауында да басымдық берілгені баршаға мәлім.
Сонымен қатар Елбасы Жолдауында ел бірлігі де ерекше ескерілді. Жаңа жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындыру үшін, бізге бірінші кезекте, ұлтаралық келісім мен халықтар достығын нығайту керек делінген.
Институт ректоры Қуат Баймырзаев Жолдауда кезекті рет көрініс тапқан ұлтаралық келісім мен халықтар достығын нығайтудың маңызына тоқталды: "Президент Жолдауында айтылғандай, еліміздің бірлігін сақтау – әрбір Қазақстан азаматының басты парызы. Елбасының алға қойып отырған міндеттерін орындау – әрқайсымыздың ұлы борышымыз. Ауызбіршілігіміз мықты болса, кез келген қиындықты оңай жеңеміз. Бұл – талай жылғы тарих тәжірибесінен түйілген тұжырым", – деді.
Жиын барысында Қазақстан Республикасы Президенті Нұр-сұлтан Назарбаевтың "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауының мән-маңыздылығы, Елбасының ел алдына қойған жаңа міндеттері талқыға салынып, жастар ұйымдарының  өкілдері өз сөздерінде биылғы Жолдауда айтылған бастама- ларға қолдау білдіретіндіктерін жеткізді.
Шұға                          
            ҚОҢҚАБАЙ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓