Әркімнің де мүддесіне сай

Таяуда  №16 аудандық өрт сөндіру мекемесінде 11-ші қарашада жария етілген Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2015 жылға арналған "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты дәстүрлі Жолдауы талқыланды.
Оған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Елена Бауэр, "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының маманы Людмила Каменская, аудандық  төтенше жағдайлар қызметі бөлімінің бастығы, подполковник Ермек Ибраев, № 16 өрт сөндіру мекемесінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Андрей Тоцкий және аталмыш мекеме қызметкерлері қатысты.
Алдымен сөз алған Елена Ильинична Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2015 жылға арналған Жолдауы жайында қысқаша түсіндіріп, ондағы басым бағыттар жайында өз ойымен бөлісті. Елбасы  айтқандай, жаңа саясат еліміздің құрылымдық реформаларын одан әрі жүзеге асыруға бағытталатындығын атап өтті. Сонымен қатар, өңір экономикасының  жылдан жылға өркендеп келе  жатқанын тілге тиек етіп, осы орайда іске асы-рылған ірі жобаларды жіпке тізгендей баяндады.  "Жұмыспен қамту   жол картасы–2020", "Сыбаға", "Ақбұлақ" сынды мемлекеттік бағдарламалар хақында да сөз қозғап, оған атсалысқандардың бүгінгі ахуалдарының айтарлықтай екендігін айтты.
Содан кейін Ермек Ердәулетұлы сөз сөйлеп,  жемқорлық жайында, оған қатысты жүзеге асырылған ауқымды іс-шараларға тоқталды. Алдағы уақытта мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асырып, ондағы тапсырмаларды назардан тыс қалдрымайтындығын жеткізді.
Сондай-ақ, Андрей Павлович өз кезегінде, Елбасының Ұлытаудағы сұхбатына баса мән беріп, ондағы айтылған өткір мәселелерді мысалға келтіре отырып, маңызды әңгіме өрбітті. 
Жалпы, Жолдау түсіндірілген жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы тыңдаушылардың тарапынан қойылған өзекті сауалдарға жауап берді.   
Руслан
       ӘЛКЕЕВ
 Сарыкөл ауданы. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓