«Қостанай таңы» – – МЕНІҢ ГАЗЕТІМ
Амантай Балғарин, Әулиекөл ауданының әкімі:
"Газеттің көбеюіне күш саламыз"


Ал, енді, неге таралым аз дегенге келетін болсақ, жалпы газет тілшілеріне жеделдік жетіспейді. Егер ауданымыздың өз басында тілші болатын болса, онда сіздерге біз аудан көлеміндегі жылт еткен жаңалықтарды дер кезінде хабарлап отырар еді. Мәселен, бір жеті бұрын естіген жаңалықты кейін газеттен оқудың мәнісі жоқ. Ол оқырмандарды еш қызықтырмайды. Сондықтан, менің айтайын дегенім, ең болмаса Нау-ырзым мен Әулиекөл аудандарына ортақ бір меншікті тілші қосынын ашсаңыздар, оған мүмкін-дігінше қолдау білдіруге дайынбыз. Өйткені, облыстық газетте әр ауданға қатысты тұщымды материалдар шығып тұрса, соғұрлым жұртшылықты ынтықтыра түседі ғой деп ойлаймын.
Газет ұжымына тек шығармашылық табыстар тілеймін! "Қостанай таңы" көркейе берсін. Таралымы өсуіне бізде өз үлесімізді қосамыз.
"Әр қазақ "Қостанай таңына" жазылса игі"
"Қарасу өңірі" газетінің Бас редакторы:
Меніңше, мемлекеттік тіл – менің тілім деп ойлайтын әрбір азамат қазақтілді басылымдарға жазылуға міндетті. Мұны неге айтып отырмын, себебі, Қостанайда бірнеше орыстілді басылымдардың таралымы өте жоғары да, өзіміздің "Қостанай таңының" таралымы көп-көрім төмен. Оның бір ұшы біздің әріптестеріміздің өзінде жатыр. Газетті халық іздеп жүріп оқуы үшін, алдымен сын керек. Екіншіден, қазақтілді журналистер арасында дәйексіз, дерексіз сөйлеу көбейіп кетті. Міне, осыдан арылсаңыздар екен.
Талғатбек Дайыров,
Науырзым ауданының әкімі:
"Халық – газетпен бірге"

"Қостанай таңы" газетінің Науырзым ауданына деген ықыласын ерекше деуге болады. Тың жаңалығымыз, ауылдың жайы, азаматтардың ісі аз жазылады деп мойындау керек. Дегенмен ұжымның жақын күндері ауданымызға атбасын тіреп, халықпен кездесуі – арамыздың жақындай, байланысымыздың нығая түскенін көрсетеді. Енді бұдан былай газет тілшілері өңірімізге жиі келіп, аудан тынысын көбірек жариялап тұрады деген сенімдемін. Газет елмен тығыз байланыста болса, жұрт та өзі қалаған басылымына көбірек жазылады деген ойдамын.
"Алыс ауылдардың тағдыры алаңдатады"
Қарасу аудандық тілдерді оқыту орталығының әдіскері:
Облыста он-он бес үйі ғана қалған көптеген шағын ауылдар бар. Ондағы жастардың көбі қалаға кетіп, әлгі елді мекендерде тек үлкен кісілер ғана қалды. Міне, осындай ауылдардың тағдыры, келешегі туралы көбірек қалам тартсаңыздар жақсы болар еді. Алыс ауылдардың ахуалы жөнінде көбірек жазылғаны дұрыс қой деп ойлаймын.
"Өзекті мәселелерге мән беру керек"
Қарасу аудандық тілдерді оқыту орталығының оқытушысы:
Соңғы кезде "Қостанай таңы" біраз жақсы істерге ұйытқы болып келеді. Бұл, әрине, құптарлық іс. Дегенмен, көп жағдайда өткір мәселелер қамтылмай қалатыны өкінішті. Газет оқырмандары үшін ең маңыздысы ол бүгінгі қоғамда орын алып жатқан түрлі өзекті мәселелердің қалай шешіліп жатқандығын білу болса керек. Осыған нақты мән беру керек сияқты.