Ардагерлерге көмек көрсетті

Әулиекөл ауданындағы ауыл шаруашылығы колледжінде ардагерлерді, қазыналы қарттарды құрмет тұтудың жақсы бір үрдісі сақталған. Жыл сайын Жеңіс мерекесі мен қарттар күні қарсаңында білім ордасының ұжымы қарияларға қамқорлық танытуды ұмытқан емес. Бұл жолы да жылдағы дәстүр бойынша колледж директоры, облыстық мәслихаттың депутаты Альмира Жансүгірованың бастамасымен бір топ еріктілер аудандағы ардагерлердің ауласын қыс бойы жиналып қалған қоқыс қалдықтарынан тазартып, қолқабыс қылды.
ветеран сайтка
ветеран сайтка3
-Қазіргі таңда Әулиекөл ауданында үш Ұлы Отан соғысының ардагері ғана қалды. Бұл кісілерге тек Жеңіс мерекесінде ғана емес, әрдайым қолұшын созуға даярмыз. Себебі, сонау сұрапыл соғыста қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, көзі тірі ардагерлерімізге құрмет көрсетіп, қамқорлық таныту әрбір ұрпақтың парызы. Осы орайда біздің колледждің қызметкерлері ардагерлеріміздің ауласын тазартып, қолқабыс қылып жатыр. Бұған біз колледж тарапынан екі трактор бөлдік. Сонымен қатар, “Нұр Отан” партиясының аудандық филиалымен бірге ол кісілердің үйлеріне барып, сый-сияпат жасадық, – дейді А.Жансүгірова.
ветеран сайтка2
Ардагерлер де өз кезегінде колледж еріктілері мен партия өкілдеріне игі батасын беріп, қызметкерлердің жұмысына сәттілік тіледі.
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓