Болашаққа қамқорлық

Б. ДәуітбекқызыЕлбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" Жолдауы өз уақытында жарияланған Жолдауларының бірі. Жолдауда қатерлі дағдарыс, бәсекелестікке толы заманда алдымен ел іргесінің аман болуы аса маңызды екенін Елбасымыз тағы да  барынша қадап айтты.
Сондай-ақ, 2015-2016 жылдар ішінде жалға берілетін тұрғын үй құрылысын қаржыландыруды қосымша 180 миллиард теңгеге ұлғайту аса дұрыс шешім деп ойлаймын. Өйткені еңбек жолын енді бастап жатқан жас отбасылардың тұрғын үй сатып алуға мүмкіндігі бола бермейтіні баршамызға аян. Ал мемлекеттің қолдауын алған әрбір бүгінгі жас ертең ел үшін аямай еңбек ететін ел ағасына айналатынына сенімім мол. Сондай-ақ, әр Жолдау сайын Нұрсұлтан Әбішұлы білім саласына тоқталмай кеткен емес. Осы Жолдауда апатты мектептер мен үш ауысымда оқыту проб-лемаларын шешуге қосымша қаржы бөлінетіні айтылды, яғни, жас ұрпақтың, ел болашағының жағдайын назардан тыс қалдырмау – мемлекет басшысының көрегендік саясатының тағы да бір дәлелі. 
Бақытгүл Дәуітбекқызы,
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының проректоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
  Арқалық қаласы.
 
Келешегі кемел нұрлы жол
Хабдуллина ЗКЕлбасының "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол" атты жаңа Жолдауын бастан аяқ оқып шықтым. Ұлт Көшбасшысы алдағы жылдардың әлем елдерінің экономикасына оңай соқпайтынын айтып, экономикалық дамуымыздың жаңа саясатын айқындап берді. Оны табысты жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан жыл сайын қыруар қаржы да бөлініп тұрмақ. Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық сын-қатерлерді ескере отырып, энергетикалық инфрақұрылымды дамытуға баса назар аударды. Соңғы бесжылдықта еліміздің энергетика саласындағы көптеген игі өзгерістердің куәсі болдық. Алайда, магистральді желілеріміздің қуаты оңтүстік аймақты электр энергетикасымен, ал батыс және шығыс облыстарды табиғи газбен толық қамтуға мүмкіндік бермеді. Сондықтан да Елбасы "Екібастұз-Семей-Өскемен", "Семей-Ақтоғай-Талдықорған-Алматы" бағытындағы жоғары вольтты желілерді құру қажеттігін айтты. Жылу мен жарық болғанда ғана халықтың тұрмыс-жағдайы түзеліп, өнеркәсіптің өркендей беретіні хақ. Жолдауда білім, ғылым, сондай-ақ баспана мәселесі де сөз болды. Қарапайым халықтың қамын бірінші кезекке қойған Елбасының бұл шешімін толығымен қолдаймын және қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек деп санаймын.
Зәуреш Хабдуллина,
Рудный индустриялық институтының профессоры,
техника ғылымының докторы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓