Керемет көрменің өткені мен бүгіні

Бүкіләлемдік көрмелер әлемге не берді?
Токио сарайыБүкіләлемдік көрмелердің тарихы 1851 жылы Лондонда өткен "Барлық халықтардың өнеркәсіптік жұмыстарының ұлы көрмесі" атты көрмеден басталып, күні бүгінге дейін жалғасып келеді. 1928 жылы Парижде осы көрмелердің қызметін үйлестіру үшін Көрмелердің Халықаралық бюросы құрылды. Қазіргі таңда бұл құрамында 166 ел бар ежелгі де беделді де халықаралық ұйым болып табылады. Көрмелердің Халықаралық бюросы Бүкіләлемдік көрмелердің принциптері мен міндеттерінің қатаң сақталуын бақылайды, халықаралық ынтымақтастық шеңберінде, инновация көлемінде шаралар өткізеді,  жалпы адамзаттық проблемалар жөнінде пікір алмасу және дамыту бағытындағы кездесулер өткізеді.
Бүкіләлемдік көрмелердің өткізілу орны мен олардың тақырыптары саяси, экономикалық, географиялық және мәдени контекстте қаралады. ХІХ ғасырда, өнеркәсіп революциясы кезеңінде, романтизм мен позитивизм дәуірінде көрме қозғалысының дамуына барынша қолайлы жағдай жасалынды. Көрмелер әу баста-ақ, өмірге келгеннен бастап, халықтар арасындағы ынтымақтастыққа ұмтылудың көрінісіне айналды. Міне сондықтан да олар адамзаттың прогресіне байланысты мәселелерді шешудің форумы мен келбетіне айналды. Кей-кезде Бүкіләлемдік көрмелермен қатар салтанатты даталар да мейрамдалып жатты. Көрмелер өткен кез бен осы уақытты және болашақты байланыстыратын алтын көпір іспетті болды. Мәселен, 1889 жылы Парижде француз революциясының жүз жылдығы аталып өтті, ал 1876 жылы Филадельфияда Америка Құрама Штаттарының тәуелсіздік алғанының 100 жылдығы тойланды. 1893 жылы Чикагода және 1992 жылы Севильеде Америка  құрлығының ашылғандығына 500 жыл, 1915 жылы Сан-Францискода Напама каналының ашылғандығы мерекеленді.
 
Керемет ғимараттар. Эксперименттік қалалар
1851 жылы Лондонда алғаш рет бір ғимаратта, қаланың орталық бөлігінде, барлық эскпонаттар сыйып кететін ғимаратта Бүкіләлемдік көрме өткізу идеясы қолға алынды.  
Осы мақсатта  арнайы Хрусталь сарайы салынды. Бұл сол заманның ең озық, жаңашыл үлгісі еді. "Виктория Регия" атты алып құмыраның бейнесін білдіретін суреттері бар мықты тірек қойылған ғимарат ерекше көз тартатын. Сарай техникаға ерекше құлшылық ететін жаңа қоғамның айрықша сенімін білдіретін символ іспетті еді.
Алайда 1855 жылдан бастап бір ғимаратқа негізделген Бүкіләлемдік көрме өткізу тұжырымдамасы ескіріп, өзінің жаңашылдығынан айырыла бас-тады. Енді көрмелерді ұйымдастырудың жаңа формасы-көрме алаңдары пайда болды. Халық-аралық көрме қалашықтары бой көтере бастады. 1893 жылы Чикагода салынған "Ақ қала" осындай қалашықтың алғашқы қарлығашы секілді еді. Сондықтан да осындай ашық алаңдар қолданысқа ене бастады. Келешекте көрмелердің экспонаттары өзеннің жағалауларында, каналдар маңында орналастырыла бастады.
Бүкіләлемдік көрмелерге қойылған көркем-өнердің ішінде сәулет өнеріне айрықша көңіл бөліне бастады. Көрмелерді өткізуге ұмтылған қалалар еш жерде жоқ, өзгелердің бөлектеніп тұратын, әсем де сұлу ғимараттар салуға құлшынатын. Олардың ойлары іске асты да. Бүгіндері Брюссельдегі Атомиумды, Барселонадағы Монжуич ұлттық сарайын, Париждегі Эйфель мұнарасын білмейтін жан жоқ десек, қателесе қоймаспыз.
 
Ғажайып оқиға
"Экспо көрмесі" керемет спектакль және әлемдегі шығармашылық және мәдени құбылыс көрініс табатын "әлемдік масштабтағы театр сахнасы" десе болғандай еді. Келушілер  неше түрлі қызғылықты оқиғаларды, көңіл көтерудің жаңа түрлері – әуе шарында, дирижабльдерде саяхат жасап, қызықтайтын, кино саласының алғашқы қадамдарын тамашалайтын.
Жұртшылылық көрмеге ғылыммен сусындау немесе жаңа бір білім алу үшін емес, жаңа да қызғылықты көңіл көтеру үшін жиналатын. Мәселен, ХІХ ғасырдың аяқ кезіндегі Бүкіләлемдік көрмелерде  алғаш рет аттракциондар паркі пайда болып, талай жұртты таң қалдырған еді.
 
Көрме-сөрелерінен көрме-форумға
Бүкіләлемдік көрмелердің пайда болуы мен қалыптасуы ғылыми-техникалық прогрестің өркендеу кезеңіне сәйкес келеді. 
Лифттер, транспортерлар, тігін машинкалары, сондай-ақ телеграф, электр жарығы, тоңазытқыш қондырғылары, роботтар секілді ғажайып механизмдер бүгіндері ешкімге таңсық болмағанымен, сол кездері Бүкіләлемдік көрмелерге алғаш қойылып, келушілерді таң қалдырған.
Алайда, Бүкіләлемдік көрмелер тек көңіл көтеретін орын ғана емес, бірте-бірте жұртшылықтың назарын әлемдік проблемаларға аударатын әрі жұмыс орны әрі пікірталас алаңына айналды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көрмелерде технологиялық прогресті өмірмен және тұрақты түрде дамумен ұштастыруға деген ұмтылыс ай- қын да нақты көрінісін тапты.
 
Инновация және қазіргі кезең
Бүкіләлемдік көрмелерге қатысуға талантты ақындар, суретшілер мен сәулетшілер көптеп тартыла бастады. Кезінде атақтары жер жарған Вагнер, Штраус және Верди секілді сазгерлер көрмелер үшін арнайы музыкалық шығармалар жазды. Көрмелер керемет көркем сурет галереяларына айналды. Оларға академиялық стильдегі суретшілермен қатар батыл да жаңашыл авангардистер де қатыса бастады. 1987 жылы Мане  Парижде өткен Бүкіләлемдік көрмеге суреттемелерін ұсынса, Дали 1939 жылы Нью-Йоркте өткен көрменің сюрреализм павильонын рәсімдейді, ал Пикассо 1937 жылы Парижде өткен көрмеге ХХ ғасырдың символына айналған  атақты "Герникасын" қояды.
 
Дамудың қозғаушы күші
Көрме өткізетін қалалар үшін бұл шара-болашаққа үлкен қадам жасайтын айрықша мүмкіндік. Көрмелер сол қалалар мен өңірлердің экономикалық әлеуетін арттыруға бағытталған тамаша тәсіл. Көрменің арқасында бұл өңірде жаңа технология мен құрал-жабықтар, көлік тасымалы мен қызмет көрсету, қала құрылысы мен сәулетіндегі жаңалықтардың өзі бір төбе. 
Бұлардың бәрі де сол қалада Бүкіләлемдік көрменің салтанатты түрде өткендігінен хабар беретін тамаша ескерткіш болып қала бермек.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓