Малды иелеріне қайтарды

Меңдіқара ауданының Ақсуат ауылына жақын жерден жайылымда қараусыз жүрген 54 ірі қара ұрланды. Осы қылмысты ашу үшін арнаулы жедел-тергеу тобы құрылды. Топты Меңдіқара АІІБ бастығы Талғат Қиақбаев басқарды. Жоғалған малды іздеу жұмыстарына ОІІД криминалдық полиция басқармасының тәжірибелі қызметкерлері, сондай-ақ жол-патруль полициясы полицейлері қатысты.
Қостанай ауданы мен облыс орталығының алты тұрғынынан құралған қылмыстық топ облыс аумағын аралап жүріп, Ақсуат ауылының жанында қараусыз жүрген малдарды байқаған. Түнде қайтып келіп сиырлар мен тайыншаларды айдап әкеткен. Күдіктілер ұрланған малды төрт күн бойына тек түнгі уақытта айдап, 60-70 шақырым жерге алып кеткен. Олар малды КамАЗ-ға тиеп, Оңтүстік Қазақстан облысына апарып өткізбек болған. Малды көлікке тиеп жатқан кезде күдіктілер қолға түсті. 20-36 жас аралығындағы мал ұрлаушылардың тұрақты жұмыс орны жоқ. Ішінде бұрын ұрлық істеп сот- талғандары бар. Қазіргі уақытта қылмысқа қатыстылардың барлығы қамауға алынып, олардың облыс аумағындағы басқа ұрлық оқиғаларына қатысы бар-жоқтығы анықталуда. Ұрланған мал иесіне қайтарылды. Мал иелері Е.Жақыпов пен С.Абдулин қылмысты жедел ашқан полицейлерге алғыстарын айтты.
Мнауара
       ҚАБДРАХМЕТОВА
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓