ТІЛШІДЕН – ТАЛДАУ, БИЛІКТЕН – ШЕШІМ

Қостанайда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын әзірлеу жөніндегі жұмыс тобының қатысуымен онлайн-конференция өтті. Еске салайық, былтырғы жылы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев ҚР кейбір заңнамалық актілерге ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныс айтқан болатын.
Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаевтың төрағалығымен өткен жиынға облыстағы негізгі БАҚ өкілдері қатысты. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 200-ге жуық ұсыныс түскен. Арнайы жұмыс тобы осы ұсыныстардың барлығын жан-жақты саралады.IMG_3955Алан Әжібаев технология мен телекоммуникацияны дамытудың ахуалына, ақпараттық жүйелердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, бұқаралық ақпарат құралдарында отандық өнімді арттыруға, нормативтік-құқықтық негіздерді жетілдіруге тоқталды. Ол электронды бұқаралық ақпарат құралдарында (сайттар) пікір қалдыратын азаматтарды ұялы телефон нөмірі арқылы тіркеуді ұсынды. Бұл дегеніңіз, бір адам пікір қалдырғысы келсе, алдымен өз телефон нөмірін енгізеді. Осыдан кейін оған смс-xабарлама келеді. Ондағы код арқылы ол өз пікірін жариялай алады. Аты аталған норманың негізгі мақсаты – арандатушылық әрекеттердің алдын алу. Өйткені, кейбір мәселелер дау-дамайлар шектен асып, ұлтаралық, конфессияаралық келіспеушіліктер туындап жатады. Ал ондай ойы бар адам телефон нөмірі арқылы пікір қалдырса, жауапкершіліктің болатыны сөзсіз. Жиынға қатысушылардың кейбірі бұл норманы алып тастауды ұсынды. Себебі, процесс ұзақ және арандатушылардың пікірін басқаша «сүзуге» болады-мыс.IMG_3972Келесі тақырып – әлеуметтік желілер. «Әділ сөз» баспасөзді қорғау ұйымының жетекшісі Тамара Калееваның айтуынша, қазір тұрғындар кейбір телеарна немесе газетке қарағанда, әлеуметтік желідегі жазбаларға көбірек сенім артады.
Астанадағы құқықтық медиа орталық заңгері Гүлмира Біржанова этикалық нормаларды құқықтық нормаларға айналдырғаннан не шығатыны белгісіз деп есептейді.
Алдағы уақытта теледидардағы жарнаманың уақытын бір сағатқа дейін азайту жоспарланып отыр. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қорғау аясында телеарналарға прайм-тайм кезінде жаңалықтардың біреуін сурдоаудармамен немесе субтитрмен беру ұсынылды. Ал қоғамдық орындарда тек қана отандық арналарды қою міндеттелмек.
Қоғамдық талқылауда тіл мәселесі де қозғалды. Жаңа өзгерістер бойынша сұраққа жауап мемлекеттік тілде ұсынылса мемлекеттік тілде, орыс және өзге тілде сұралса мемлекеттік және орыс тілінде беріледі.
Заң жобасына байланысты ұсынымдар 2017 жылдың наурыз айына дейін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп, ҚР Үкіметіне, ал 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында Парламент Мәжілісіне енгізілмек.
 
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ
Суретті түсірген Айбек ЖҮЗБАЙ.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓