Институт спортына – 20 жыл

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының дене шынықтыру және спорт кафедрасының құрылғанына – 20 жыл толуына орай "Спорт саласындағы қазіргі ғылыми жаңашылдықтар арқылы дене шынықтыру пәнін оқытудың жай-күйі: бүгіні мен болашағы" атты аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті.
 Пленарлық мәжілісте қала әкімінің орынбасары Е.Маметеков пен институт ректоры С. Қуанышбаев құттықтау сөз сөйлеп, "Өмір қозғалыста" деректі фильмі көрсетілді. Кафедраның негізін қалаушы, ҚР-ның құрметті спорт қайраткерлері, астаналық қонақтар Е.Нарымбаев: "Ағындардан дамуға", Ж.Сабыржанов: "Асық ойыны алғырлыққа баулиды", Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің оқытушысы Л.Таскаева: "Торғай өңіріндегі спорттың дамуы", институттың аға оқытушысы Қ.Ершатов: "Жаңа әлеуметтік экономикалық жағдайда шағын жинақты мектептердегі дене тәрбиесі пәнінің мәселелері" тақырыптарында баяндама жасады.
 Мәжіліс соңы институт шәкірттерінің концерттік бағдарламасына ұласты.
 Түс ауа институттың №2 корпусындағы спорт залында аталмыш кафедраның аға оқытушысы Қ.Қонысбаев волейболдан шеберлік сағатын өткізіп, сондай-ақ, институт түлектері мен оқытушылары арасында спорттың осы түрінен жолдастық кездесу өткізілді.
Мұрат
      ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓