Рейд жүргізді

Қостанай қалалық төтенше жағдайлар басқармасының  мамандары құқық қорғау органдары қызметкерлерімен бірлесіп, қысқы балық аулау орындарын тексерді.
Қазір облыс өңіріндегі  су айдындарында мұздың қалындығы әлі орнықты емес, адам салмағын көтере алмайды. Орнықты, қатты аяз жоқ кезінде мұздың қалындығы 10 сантиметрді әзер құрайды. Бүгінде өңірдегі өзен-көлдерде мұздың  жарылу қауіптілігі сақталуда. Соңғы бір ай көлемінде  4-5 адам  мұз астына кеткен.
Рейд барысында құтқарушы мамандар Қостанай қаласы арқылы ағатын Тобыл өзенінде, КЖБИ шағын ауданы мен кіші көпір астында болды. Тексеру барысында анықталғандай, балықшылардың біреуі де құтқару көкірекшесін кимеген. Бірақ та көбінде мұз астында қалып қойған жағдайда өзін құтқаруға көмегі болатын (пышақтар мен балталар) құралдардың бары  анықталды. Қыста балық аулауға әуесқойлар 5-6 метр арақашықтықты сақтап, шұң-қырлар қазған. Құтқарушылар рейд кезінде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Ұйымдастырушылар балықшыларға үсіп қалған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету туралы айтылып, оларға мұзда жүрудің қауіпсіздік ескерту ережесі таратылды. Қыста балық аулау кезінде шұңқырларды мөлшерден тыс көп тесуге, мұздың беріктігін аяқпен теуіп тексеруге, мұзда секіріп жүгіруге болмайтыны балықшыларға түсіндірілді. Сонымен қатар, тұман кезде және қараңғы түскенде, жаңбыр, қар жауғанда, ең  бастысы мұз үстінде топтасып жүруге болмайды.
Асхат БАДЕНОВ,
Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓