Шоқанның шері
Сарыкөл ауданы Күнтимес ауылындағы Ш.Уәлиханов атындағы негізгі мектепте ұлы ағартушы Шоқан Уәлихановтың туғанына 179 жыл толуына орай маңызды шара өтті.
Шара барысында белгілі жазушы, журналист-публицист, драматург, аудармашы Ақылбек Шаяхметтің "Шоқанның шері" деп аталатын пьесасының бірінші актіндегі екі көрінісін мектеп тәлімгерлері мен оқушылары халықтың назарына ұсынды.
Айта кету керек, бұл зор маңыз-ға ие болған қойылымда мектеп директоры Сабира Бөлекбаева, ұйымдастырушы Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Айман Әбішева, үндерді дыбыстаған ауылдық мәдениет үйінің меңгерушісі Жолбосын Әбішевтың және барлық қатысушылардың зор еңбегі көрінді.
Жалпы, пьесаны тамашалауға келген қонақтардың қатарында ауыл тұрғындарымен қатар, Златоус ауылдық округінің әкімі Қ.Тұрымов және Краснодон орта мектебінің қазақ тілі пәнінің мұғалімі С.Жұмағұловтар болды.
Бұл пьеса көптің көңілінен шықты.
Руслан
ӘЛКЕЕВ
Сарыкөл ауданы.