“Шетелдік” операциясы мәреге жетті
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда облыс аумағында "Шетелдік" операциясы мәреге жетті.
Жедел-алдын алу шарасына көші-қон, әкімшілік полицияларымен қатар басқа да қызметтер қатысты. Іс-шараның мақсаты көші-қон заңнамасы саласында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу және жолын кесу. Үш күнде полицейлер 98 шетелдік азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартып, олардың төртеуін елден шығарып жіберді. Сондай-ақ рейдтердің барысында Қазақстан Республикасының 38 азаматы Әкімшілік Кодекстің 395 бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.
Полиция қызметкерлері құ-жатсыз және тіркеусіз тұрып жатқандарды да анықтап, 250-ден астам адамды жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар алимент төлеуден жалтарған 16 адам мен мемлекетке қарыз 37 борышкер анықталды.
Мнауара
Қабдрахметова