“Алтынсарин оқулары–2014”
Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында "Шағын жинақы мектептерде заманауи оқытудың әдіснамалық және әдістемелік мәселелері" тақырыбында "Алтынсарин оқулары–2014" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Пленарлық отырыста Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру Академиясының ШЖМ дамыту орталығының директоры А.Мұхамедханова, қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы К.Ме-деубаев, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының профессоры Н.Кушеров, Арқалық қалалық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Е.Сысоева, Докучаев орта мектебінің директоры (Алтынсарин ауданы) С.Мырзатаев, Чернигов орта мектебі директорының орынбасары (Әулиекөл ауданы) Г.Жанғабыловалар баянама жасады.
Мұнан соң институт қабырғасында "Педагогикалық кадрларды даярлауда теоретикалық-әдіснамалық негіздер және жинақы мектептерде гуманитарлық пәндерді оқытудың ерекшелігі", "Жинақы мектептерде табиғи-математикалық пәндерді оқытудың ерекшелігі" атты тақырыптық секциялар жұмыстарын өрбітті.
Мұрат
ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
Конференцияға қатысушылар