Қамсыз күнмен қауышуға жазсын
Қазақстан аумағындағы төтенше жағдай режимінің аяқталуын осы күннің ғана емес, мамыр айының басты жаңалықтарының біріне балар едім. Себебі бейқам тіршілігі тыйылып, елең-алаң күйге түскен ел індет қаупінің сейілуін тағатсыз күткені сөзсіз. Бұл шешім Қазақстандағы жағдайдың жалпылай алғанда біртіндеп тұрақтанып келе жатқанын көрсетсе керек. Алайда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім еткендей, төтенше жағдай режимінің алынуы халық өмірінің толығымен бұрынғы арнасына түседі дегенді білдірмейді. Өйткені елдің кейбір аймақтарында дерттің таралуы әлі бәсеңдемей отыр. "Пандемия халықтың денсаулығына әлі де қауіпті. Сондықтан карантиндік шектеулер әр өңірдегі жағдайдың жақсаруына қарай біртіндеп алынады», – деді Президент. Демек, инфекция қатері өршіп тұрған өңірлер үшін қауіпсіздік шаралары әлі де қадағалауда болмақ. Тиісінше, біздің де жарйбарақаттыққа салынбай, әліптің артын бағып, сабыр мен сақтыққа берік бола тұрғанымыз абзал. Төбемізден қауіп бұлты сейіліп, қазақстандықтардың қайтадан шуақты күндермен қауышып, қамсыз тірлік кешеріне кәміл сеніммен қараймын.
Айгүл Сейдахметова,
Қостанай қалалық орталықтандырылған
кітапхана жүйесінің директоры