Алғыс хаттармен марапатталды

Бас имам Дәулетбай қажы ӘбдіхалықЖақында Қостанайда ақпараттық-насихат тобының жыл бойғы жұмысы қорытындыланған жиында  халықтың діни сауаттылығын арттыру және радикалдық діни идеологиялардың алдын алу үшін жүйелі жұмыс жасаған Сарыкөл аудандық АНТ жұмысы ерекше бағаланды.
Айталық, мемлекеттің дін саласындағы саясатын халыққа тарату жөніндегі ақпараттық-түсіндіру қызметіне белсенді қатысқандары үшін аудандық АНТ мүшелері яғни,  ішкі саясат бөлімінің басшысы  Е.Бауэр, колледждің тарих пәнінің тәлімгері Р.Такенова және  бас имам Д.Әбдіхалықтар  облыстық дін істері жөніндегі басқарма басшысының алғыс хаттары және сыйақыларымен марапатталды.
Бір айта кетерлігі, бұл бас имамның осы ауданға келгеннен бергі алғашқы марапаты. Олай болса, Дәулетбай қажы Махмұтұлының ислам жолындағы игі істеріне және марапат иелеріне алдағы уақыттарда да жеміс тілейміз!
Руслан Әлкеев.
Сарыкөл ауданы.
СУРЕТТЕ: Дәулетбай қажы Махмұтұлы.
Суретті түсірген автор.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓