Діни сауатсыздық – қоғам мерезі

Теріс діни ағымның құрбаны болатындардың басым көпшілігі – діни сауатсыз жастар. Бұл туралы Рудный индустриялық институтында студент жастардың дін мамандарымен өткен кездесуінде айтылды.
Дін – мемлекеттің негізін құ-раушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Сондықтан да студенттік өмірге жаңа аттанған жеткіншектерге дер кезінде дұрыс бағыт-бағдар беру – оқу орны басшылығы мен дін мамандарының маңызды міндеті.
Басқосуды ашып, жүргізіп отырған оқу орнының тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Жасұлан Алпысбаев институтта жастардың діни сауаттылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралар жайлы қысқаша мағлұмат берді. Оның айтуынша, теріс діни ағымның құрбаны болатындардың басым көпшілігі – діни сауатсыз жастар. Сол себепті де діни экс-тремизм көріністерінің алдын алу бағытындағы жұмыстарды одан әрі ширата түскен маңызды.
Дін мәселелері бойынша ақпараттық үгіт-насихат тобының мүшесі Саян Қосжан "Жастар тәрбиесі қай заманда да қоғамның өзекті тақырыбына айнал-ған. Бүгінгі өскелең ұрпақты ата-салты мен дәстүрінен алшақтататын адастырушы ағымдардың айы оңынан туып тұр деуге болады. Мұның салдарынан бұрын баласы дінге берілсе қуанатын ата-ана қазір қорқатын дәрежеге жетті. Тек жат пиғылды ағымдардың жетегінде кетпей, ақ пен қараны ажырата алған жөн", – дей келе ислам бағытындағы деструктивті ағымдардың атын атап, түсін түстеді. Облыстық әкімдіктің Дін істері жөніндегі  басқармасының маманы Сапар Абдиев дін саласындағы мемлекеттік саясаттың кейбір тұстарын екшеп берді. Одан кейін студенттердің назарына еліміздің бірлігіне сызат түсіруді мақсат тұтқан діни ағымдар жайлы деректі фильм ұсынылды. Кездесуді тәжірибедегі психологтар қауымдастығының өкілі Талғат Нұғманов қорытындылады. Ол қоғамның қотыр жарасына ай-налған дертпен күресудің тиімді жолдарын жіпке тізіп, қауымдастық тарапынан атқарылып жат-қан шараларға тоқталды. 
Қуаныш       
     ЕСҚАБЫЛ
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓