Ақын қолтаңбасы – қымбат қазынам

Қазақтың көрнекті ақындарының  бірі Серікбай Оспанұлымен Алматыда  студенттік шақта танысып, білісіп едік, содан бергі елу  жылдай уақыт бойы бір-бірімізге деген шынайы сыйластық  үзілген жоқ. Өз басым Секеңді ақберен  азамат, арқалы ақын, сұңғыла ғалым, ғажап сазгер ретінде қатты құрметтеймін. Менің түсінігімдегі сегіз қырлы, бір сырлы жігіт те осы Секең.
IMG_1899Серікбай Оспанұлы соңғы жылдары ерекше жемісті ең-бек етті. Талай кітаптар шығарды, талай ән жазды, ғы-лыммен шындап, түбегейлі айналысты. Соның нәтижесін-де дүниеге келген бір туындысына мынандай қолтаңба жазып сыйлады:
"Келтіріп сөздің сәнін де,
Толықтырар мәнін де.
Тұла бойы тұнып тұр,
Тәрбиеге,тәлімге.
Шіркін, дүлдүл дүние-ай,
Жар бол өзің Сәлімге!"
Бұл ақынның "Дүлдүл дүние" кітабына жазған тілек-батасы еді. Ал ғалым ретінде тындырған ең бір көшелі де көлемді еңбегі – Ыбырай Алтынсарин шығармашылығы  мен  қызметіне   арналған "Ұлы ұстаз ұлағаты" кітабына былай деп жазыпты:
"Өзгерді ғой!
Өзгерді бәрі бүгін,
Өзгермеген сен,
Сенің тағылымың!
Ұлы ұстаз қолдасын
                          аруағы,
Сәл-сәл кіші,
Сәбидей Сәлім інім!"
Өтіп бара жатқан жылқы жылы жанымды жадырат-қан, жүрегіме жылы тиген сәл ғана үлкендігі бар ақын ағамның бір романға бергісіз осынау орамды ойлары еді…
Ал алдағы 2015 жылы сол Секең 70 атты желмая жасқа толады, ал бүгін "сәл-сәл кіші сәбидей Сәлім інісі" ағасын ақ көңілмен Жаңа жылмен құттықтауға қуанышты.
Тағы бір жаңалық. Серікбай Оспанұлы жақында "Әлем халықтары Жазушылар одағының" мүшелігіне қабылданып, оған №0020 мүшелік билет тапсырылды. Кеше ғана мәртебелі "Қазына" сыйлығын алды.
 
Сәлім Меңдібай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓