Ұлы достық қастерленді

DSCF8425 Ұлы  достықӘ. Боранбаев атындағы кинотеатрда Арқалық медицина колледжі мен қалалық мәдениет сарайының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналып,  тағылымды іс – шара өткізілді. 
 Мәдени шарада облыстық «Кино өнімдерін жалға беру» басқармасының қалалық филиалының Қазақстан халқы Ассамблеясы жетістіктерін баяндаған DSCF8415 Ұлы  достықдеректі фильм көрсетіп, қаладағы №2 облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана кітап көрмесін ұсынды.
 Студент жастар алдында сөз сөйлеген кештің құрметті қонақтары – Қазақстан DSCF8417 Ұлы  достықхалқы Ассамблеясының мүшелері Торғай аграрлы-техникалық колледжінің бөлім меңгерушісі Ж. Ғапбасұлы, Н. Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің директоры С. Тасмағанбет және Мұхтасиф Әлмұхамед молла атындағы Арқалық қалалық мешітінің наиб имамы Н. Асанұлы, қаладағы «Видергебург» неміс қоғамдық бірлестігінің төрайы­мы З. Пыхтиналар ҚР тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достық қарым-қатынаста өмір сүріп жатқанын тілге тиек етті.
 Ұлы достықты қастерлеген шарада сан ұлттың билері биленіп, әндері шырқалды.
Мұрат
     ЖҮНІСҰЛЫ
Арқалық қаласы.
 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓