Жаңа тағайындау

ТАНАБАЕВ Муса ТурмановичҚР Инвестиция және даму жөніндегі министрлігінің бұйырығымен Танабаев Мұса Тұрманұлы Индустриалды дамыту және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Мұса Тұрманұлы 1965 жылдың 1 ақпанында Жезқазған облысының Жезқазған селосында дүниеге келген.
1987 жылы Қазақ политехникалық институтын “тау-кен инженер-электригі” мамандығы және 1994 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. Алғашқы еңбек жолын 1985 жылы Украинадағы “Донецкуголь” комитетінің “Лидиевка” шахтасында электрслесарь қызметінен бастады.
1986-1989 жылдар аралығында Жезқазғандағы тау-кен металлургия комбинатының Батыс кеніші шахтасында  электрслесарь, кейін мастер болып жұмыс істеді.
1989-1990 жылдары – Сәтпаев қаласындағы Батыс кеніші комсомол комитетінің хатшысы болды.
1991-1995 жылдары Жезқазған қаласында сауда саласы бойынша басшылық қызмет етсе, 1995-2004 жылдары Жезқазған қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
2004 жылы ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс істері жөніндегі комитетінің экономикалық сараптама және бағаны қалыптастыру басқармасы бастығының орынбасары болды. Ал, 2004-2005 жылдары  “Мерей-2” ЖШС директоры, Астана қаласындағы “Жолаушылар тасымалы”акционерлік қоғамының вице-президенті, 2006-2008 жылдары Жезқазған қаласының әкімі, 2008-2010 жылдары Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитетінің мұнайгаз өнеркәсібін мемлекеттік бақылау басқармасының бастығы болып қызмет етті.
2010-2011 жылдары Оңтүстік-Қазақстан облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, 2011-2013 жылдары ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті төрағасының орынбасары болды.
Ал, 2013 жылдан қазіргі уақытқа дейін Қостанай облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымын атқарды.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓