Жерлесіміз жүйрік шықты

Түркістанда өткен аламан айтыстың жеңімпаздары белгілі болды. Түркітілдес мемлекеттер арасындағы ұйымдастырылған жыр додасында бас жүлдеге Қостанай облысының ақыны Айбек Қалиев ие болды. Оған арнайы Алғыс хат пен 3 млн теңгенің сертификаты табысталды.0100 - Copy 1
0900Айта кетейік, екі күнге созылған аламан айтыста аты алты алашқа мәлім Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан елдерінің 20 ақыны қатысты. Олардың арасында көрші қырғыз елінен Асылбек Маратов пен Болот Назаров келсе, Құлмахан Дүйсенов Өзбекстан Республикасынан қатысты. Ал, Сара Тоқтамысова (Астана қаласы), Сырым Әуесхан (Астана қаласы), Айбек Қалиев (Қостанай облысы), Ботагөз Мұхиддинқызы (Қарағанды облысы), Алтынкүл Қасымбекова (Жамбыл облысы), Бибігүл Тілепалдинова (Алматы қаласы), Бекарыс Шойбеков (ОҚО), Жарқынбек Наушабеков (ОҚО), Карима Оралова (ОҚО), Қажымұхан Абзалов (ОҚО), Біржан Байтуов (ОҚО), Нұрлан Есенқұлов (ОҚО), Анар Жаппарқұлова (ОҚО), Дәурен Полатбаев (ОҚО), Нұрлыбек Мейірманов (ОҚО), Тұрар Тілеулиев (ОҚО), Нұрғали Әнапия (ОҚО) сынды 12 ақын елдің атынан шығып айтысты. Ақындар елдің бірлігі мен ынтымағы, бауырлас елдер арасындағы берік ымыра мен ауызбіршілік жайында кеңінен жырлай келе, қағытпа әзіл, қисыннан жол тапқан тапқырлықтарымен елдің ықыласына бөленді.0800
0110Еске салайық, «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында өткен айтыс Қазыбек би Келдібекұлының 350 жылдығына және Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылды. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Мәдениет орталығында өткен айтыстың құрылтайшысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі мен ТҮРКСОЙ Халықаралық ұйымы, ОҚО әкімдігі мен өңірдің мәдениет басқармасы болды. 0120
Қазақпарат
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓