Темекі шегу сән емес
Федоров ауданы орталығындағы №1 орта мектебінің 3 сынып оқушыларына халықаралық темекіге қарсы күрес күніне орай «Темекі шегу сән емес, темекі шекпеу сән» тақырыбында өзекті әңгіме өтті.
Жиынға ОАК СӨС меңгерушісі В.Циммерман, аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы Т.В.Харченко қатысты. Жиын барысында балаларға темекінің зияны мен адам денсаулығына тигізер әсері туралы айтылды. Жиын соңында жас балғындар «Темекіден нашақорға» буклетпен және темекінің зияны туралы «Есігіңді жамандық қақпай тұрғанда» атты көрмемен танысты.
Мешіт Ғазиз