«Ең үздік психолог» атанды
Жалпы, жантану жүйесін жан-жақты оқытуда Тимирязев орта мектебінің психолг-тәлімгері Зәуреш Оразалы еселі еңбегімен көзге түсіп жүр. Ол – тәлімгерлер мен ата-аналарға қол ұшын созып, ақыл-кеңесін аянбай беріп келеді.

Қазіргі таңда талантты тәлімгер тағы бір жоғары мамандықты сырттай меңгеруде. Ең қызығы, психолог-тәлімгер болмай тұрып, мектепте медбике болып қызмет істеген, яғни медицина саласында да 17 жылдық тәжірибесі бар.
Руслан Әлкеев
Сарыкөл ауданы