Биыл екі амбулатория ашылады
Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020 бағдарламасы іске қосылғалы өңірде 145 әлеуметтік-мәдени нысан күрделі және ағымдағы жөндеуден өтті. Сондай-ақ, он үш елді мекенде жаңадан дәрігерлік-амбулаториялар бой көтерді. Ал, Меңдіқара мен Федоров аудандарында салынып жатқан амбулаториялардың құрылысы биыл аяқталады.