Ұлытау төріндегі келелі сұхбат

20140521_165210Елбасының Ұлытау тө­ріндегі сұхбатында ұлт­тық құндылықтар мен мем­лекеттің кемел келешегі туралы кеңі­нен әңгіме қозғағаны баршамызға аян. Көңілге қуаныш ұя­ла­татын, көрікті ойға жетелейтін сұхбатты бар ықыласымызбен оқып шық­тық. Онда Ебласы Қазақстанның болашағын жарқын деп санайтынын жеткізген еді. Сонымен қатар, Қарулы Күштер қай кезде де ел қорғаны болуы керек екенін баса айтты. Келелі сұхбаттан айтылған ойдан үзінді келтірейін. «Біз ешбір елге тиісіп көрген халық емеспіз. Ешбір елге жау емеспіз. Төңірегіміздің ешқайсысы да бізге жау емес. Бізге сырттан келіп тиісейін деп тұрған ешкім жоқ. Дегенмен, қандай жағдайда да өз қауіпсіздігімізді ойлап, Қарулы Күштерімізді сайлап, іші-сыртымызды, етек-жеңімізді жиып, сақ отыруымыз керек. Осылай төңірегіміз бейбіт, өзіміз бейбіт, ішіміз бүтін, бірлігіміз берік болса, ұтылмаймыз. Қазақтың бірлігі – мына көпұлтты халықтың бірлігі. Біз бірте-бірте жарқын болашаққа жетеміз деп санаймын». Шыныменде еліміздің бірлігі қлтымыздың татулығы.
Күні кеше біздің басқарма қызметкерлері қаладағы №5, №11 орта мектептің оқушыларымен бірге сұхбатты талқылап, оқушылар арасында байқау ұйымдастырды. Оларға тілсіз жаудың алдын алуға арналған естелік жадынамалар мен кітапшалар таратылды.
Асхат БАДЕНОВ,
Қостанай қаласы төтенше жағдайлар басқармасының инженері.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓