Тіл мамандары жарысқа түсті
Ұзынкөл аудандық тілдерді оқыту орталығы ұйымдастыруымен «Үздік оқытушы» байқауы болып өтті.

Қазылар алқасының шешімімен № 2 Ұзынкөл орта мектебінің ұстазы Рауза Қожанова бірінші, Троебрат орта мектебінің мұғалімі Айнагүл Айтбаева екінші, аудандық тілдерді оқыту орталығының ұстазы Гүлжанат Жанайдарова үшінші орынды иеленді. Жеңімпаздар арнайы дипломдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мешіт Ғазиз