Тәттісімен табысқа жеткен

IMG_0629Суреттегі кейіпкеріміз Жанна Алатаева – "Баян-Сұлу" АҚ Сигнал-Пак құрылғысында оператор. Жұмыс цехында шығарылатын кәмпиттердің түрлері өте көп. Ал Жанна шоколад батончигі желісі бойынша істейді. Аталған өнімнің алты-жеті түрі бар.
Бұрын бастауыш сынып мұғалімі, кейін дүкенде сатушы болған Жанна бұдан сегіз жыл бұрын осы фабрикаға келгенде кәмпиттерді өлшеу жұмысынан бастадым дейді. Қазір өзі басқаратын құрылғының қыр-сырын әбден меңгеріп алған. Жұмыс режимі сегіз сағат. Бригада күнделікті берілетін норманы үзбей орындау керек:
– Алғаш келген кезде оқушы сияқтымын, мені осындағы көптен жұмыс істейтіндер үйрете бастады. Кейін цехымызға жаңадан Сигнал-Пак құрылғысы орнатылды. Сол құрылғының жаңа тетіктерін екі адам болып меңгере  бастадық. Ресейден арнайы келген мамандар бізді үйретті. Міне, содан бері осы жерде оператор болып жұмыс істеп келемін. Бұл құрылғымен салмақтың дұрыстығын, мөрдің орнында басылуын, кәмпиттердің біркелкі қатталуын, оның сапасын қадағалаймын. Жылдан-жылға заманауи технологиялар келіп жатыр. Цех басшысы Алла Лайконинаны мақтан етеміз.
Шұға                          
            ҚОҢҚАБАЙ
Суретте: Ж. АЛАТАЕВА.
Суретті түсірген Б. АХМЕТБЕКОВ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓