Ұрылар ұсталды

Қостанай қаласында әдеттегіден өзгеше екі қылмыс жасалды.
54 жастағы қойма иесі полиция бөліміне келіп, тұр-мыстық химия бұйымдарының қолды болғанын хабарлады. Шығын мөлшері 190 мың теңгені құрады. Қоймадан 65 қорап кір сабын, 50 шөлмек сұйық сабын мен 27 қорап кір жуатын ұнтақ ұрланды. Жедел-іздестіру шарасының барысында 41 жастағы күдікті анықталды. Ол кінәсін мойнына алды.
Қостанайда 60 жастағы ер адам полицияға саяжай үйіне ұры түскенін айтып арызданды. Құлыпты бұзған ұры саяжайда пайдаланылатын аспаптарды алып кеткен. Тәртіп сақшылары 17 мың теңгенің затын ұрлаған күдіктіні ұстады.
 Облыстық ІІД  баспасөз  қызметі.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓