Өрт сөндіру бекеті ашылды

13 қазанда Қарабалық ауданының Новотроицк селосының «Новотроицк-1» ЖШС базасында № 12 жеке өрт бекетінің ашылуы болды. Өрт сөндірушілердің жаңа бөлімшелерінің құрылымы Новотроицк және Победенский ауылдық округтерінің аумағынан алыс орналасқан 9 ауылды тілсіз жаудан қорғаумен қамтамасыз етеді. Елді мекендердегі тұрғындардың саны – 2 мыңнан астам адам.орт
Бекеттің штаттық саны 10 адамды құрайды. Олардың қарамақтарына ғимарат пен бір Урал-375 өрт автокөлігі ұсынылды. Одан басқа, жаңа құрылған өрт құрылымы үшін Қостанай облысының ТЖД техникалық жарамды күйде өртке қарсы құралдар жиынтығы мен киім-кешекпен жабдықталуына көмек көрсетті.орт2«ӨС және АҚЖҚ» ММ Кәсіби даярлық мектебінің командалық ұстаздар құрамымен «Новотроицк-1» ЖШС ерікті құрылымдарының 4 жүргізушісі мен 6 өрт сөндірушісіне 40 сағаттық бағдарлама бойынша оқыту жүргізілді. Санаттық комиссия аяқталғаннан соң сынақтар қабылданып, лауазымдар бойынша бастапқы даярлық өткені туралы сертификаттар берілді. Енді Новотроицк с. тәуліктік кезекшілікті 4 оқытылған адам құрамынан жауынгерлік есептер жүргізеді.орт1
Осындай бекеттер Әулиекөл, Таран, Жітіқара, Қостанай және Ұзынкөл аудандарында жұмыс істеуде.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓