Құрылыс материалдарына мұқтаждық болмайды

Металл арматуралары сырттан тасымалдағанда қаржы шығыны өсе-ді, уақыттан да ұтыласың. Өзекті мә-селені шешу үшін облыс басшылары қатаң талаптар қойды. Тапсырманы орындауға бел шеше кіріскендер болды. Солардың бірі – "Евраз- КаспианСталь" серіктестігі. Олар таяуда өзінің өндіріс орнында алғаш-қы арматураны жасап шығарды.
Аталған кәсіпорынның тыныс-тіршілігі туралы газетімізде әлденеше рет хабарладық. Бүгін осы серіктестіктің құрылыс материалдарына мұқтаждықты жоюдағы талпынысын тағы да сөз етіп отырмыз.
Мұндай сапалы және аса пайдалы өнім Қостанайдың тарихында бұрынды- соңды қолға тимеген. Мамыр айында металл прокаты нарыққа ұсынылады деп күтілуде. Материалдың құндылығына кәсіпорынға арнайы келген облыс әкімі Нұралы Садуақасов көз жеткізіп, ризашылығын білдірген-тін.
– Индустрияландыру жобасына жұм-салатын қаржы Қазақстанда мол. Соған байланысты Елбасы жергілікті жердегілер жақсы ұсыныстар жасағанда, ақша алатынына сендіруде. Өзіміздің алғашқы арматурамыздың қажеттілігін өңірлік даму министрлігімен байланыс жасап, дәлелдейтін уақыт туды, – деді облыс әкімі Нұралы Садуақасов.
Серіктестік директоры Сергей Сотников итальяндық мамандарды үйлеріне қайтаратынын айтты. Мәселен, Павлодардан келген Аманжол Жәпешов – әлгі шетелдіктерден қалыспайтын шебер маман.
Қорытындысында ескертеріміз, қа-лада жаңа өнеркәсіп орындарының қатары өсуде. Олардың өнімі құрылыс саласына үлкен дем беретіні анық.
Суретте: "ЕвразКаспианСталь" серіктестігінде жаңа өнім шығару сәті.