Мақсұт ҚАЛИЕВ, Қостанай қаласы әкімінің орынбасары: қала көркейе түсуде

Жылдар бойы көр-кейіп, гүлденген Қостанайдың қазіргі келбетіне көз тоймайды. Аспанмен таласқан биік тұрғын үй-лер, сәні мен салтанаты жарасқан мәдени ошақтар жарасымын тапқан. Игі істер мұнымен тоқтап қалмақ емес. Сәулетті архитектуралық құрылыстар қанат жая береді.
Мауыты-шұға комбинаты атанған аудан көпке дейін ескерусіз қалды. Оны көріктендіру күн тәр-тібіне қойылды. "Жастар" бульварын қайта жаңғырту қолға алынуда.
Қандайда бір қаланың келбеті оған кіре беріс жақтан көрініс табатыны белгілі. Оңтүстік тұста, Әулиекөл тас жолы бойына сәнді арка орнатылды. Онан өте бере, Затобол кентіндегі автокөліктің айналма жолы қалпына келтірілді. Федоров ауданы жақтағы, яғни солтүстік тұста да арканы байқайсыз.
Спортпен халықтың отыз пайызы айналысуы керектігін Елбасы үнемі еске салады. Бұл тапсырмаға ерекше мән берілген. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестігінің ынтымақтығымен спорт бұқаралық сипат алуда. Жекеменшік инвестициясымен "Қазақстан" спорт кешені ашылды. Наурыз айында "Фитнейшн" спорт-сауықтыру кешенінің салтанатты түр-де ашылуына тұрғындар көп жиналды. Мұнда келгендер бокс залының, бассейннің есігін ашады.
"КЖБИ" шағын ауданындағы Гашек көшесі бойында саябақ құрылысын салу жоспарланды. Жобада демалыс орындары, субұрқақ қарастырылған. Осы ауданға инженерлік құрылым тартылады. Былтыр "Арлан – 2050" спорт – шаңғы орталығы ашылды. Жекеменшік инвестициямен осы жерге ұзындығы жиырма бес метрлік суға жүзу бассейн құрылысы салынды. Тобыл өзенінде су шаңғысын сүйрететін құрылым жұмыс істейді.
Кәсіпкерлермен жасалған меморандум қаржысы арқылы ақылы жағажайды көріктендіру қолға алынады. Ауыр атлетика залы салынады.

Ауқымды жұмыстарды атқаруға банктер және кә-сіпкерлер тартылады. "Фаэтон" серіктестігімен меморандумға қол қойылды. Олар "ГАИ" ауданында ойын-сауық орталығын, үсті жабық паркинг салады. Мұнда қыста коньки тебе-тін алаң, жазда жаяу жүру алаңы жұмыс істейді. Өт-кен жылы "Притобол" сая-бағының солтүстік бөлігін-дегі жағалау жасылдандырылды. "Набережный" алаңына бақылау орны құрылысы және жаяу жүргіншіге жол салынды.
Жақында Дулатов кө-шесінде, облыстық әкімдік ғимараты жанында аллея орын алады. Аллеяда "Самұрық" құсы тұлғасы болады.
Жеңіс саябағын жаң-ғыртуға бюджеттен он мил-лион теңге бөлінеді. Ұлы жеңістің жетпіс жылдығы қарсаңында саябақ ерекше құлпырып, жайнайды.
"Юность" мәдениет үйін жөндеуге былтыр жобалық-сметалық құжаттар әзірленді. 416 миллион теңгенің биыл бір жүз миллион теңгесі игерілмек.
Мұнан үш жыл бұрын демалыс аймақтары мен көшелерді жөндеп, көгалдандыру қолға алынды. Арнайы тас материалдан елу дана шағын архитектуралық мүсіндер жасалды.