Тұрғындар ұсынысы
Қаланың батыс тұсындағы Аманкелді ауылы – үлкен елді мекен. Оның қа-ла аумағына қосылғанына біраз жыл болды. Әрине, бұған аманкелділіктер дән риза. Қазіргі тыныс-тірші-лікке олар қандай баға беруде? Осыған байланысты Қостанай қаласы әкімінің орынбасары Валерий Полешко халықпен арнайы кездесу өткізді.
Бас қосуға жиналғандар жол құрылысына алаңдайтындығын байқатты. Бюджеттен қаражат бөлінгенде елді мекендердің қоғамдық көліктер көп жүретін тұстарына ерекше назар аударылатынын Валерий Полешко тәптіштеп айтып берді. "Ендеше, асфальтсыз көшелерге қиыршық тасты неге төсемеске?" дейді тұрғындар. Атқарушы билік өкілдері бұл ойға қонатын іс екеніне келісті. Жолдарды жөндеу кезінде шеткі көшелерге қиыршық тас төсеу ескерілетініне уәде етті.
Көшелерді толық жарықтандыру ұмыт қалатыны да көлденең тартылды. Бұған жауапты адамдар ауыл ішіндегі шамдар санын көшелеріндегі бағандарға тексеруге міндеттеме алды. Сонан кейін жанбайтын шамдар алмастырылмақ.
Аманкелдідегі клуб же-кеменшіктің қарамағына көшкелі, жұмысы ширамай қойды. Оның иесі жөндеу жұмысына қауқарсыз. Клубты қала әкімдігі қалпына келтіруге ынталы. Сол үшін мәдениет ошағын әкімдіктің қарамағына кө-шіру керек. Әзірге клуб иесі-мен келісім-шарт жасалуда. Мәселе шешімін тапқасын, мәдениет ошағы тиі-сінше жөнделмек.
Жиналысқа қатысқан тұрғындар әкімдік қызметкерлеріне қойылған қо-сымша сауалдарға тиісінше жауаптар алды.
Суреттерде: тұрғындармен кездесуден көріністер.