Тарих сыр шертеді

1941  жылы  желтоқсанда Қостанайда № 151 жеке  атқыштар  бригадасы құрылды.
35 мың халқы және 104 мың шаршы метр тұрғын үй қоры бар қалаға 1941-42 жылдар аралығында батыс  өңірлерден үш мыңға жуық адам көшіріліп  әкелінді.  
Қала жұмысшылары жинаған қорға  бес ұшақ жасалып,  әскери  бөлімге  тапсырылды.
Қалаға өнеркәсіптік кәсіпорындардан басқа түрлі уақыттарда бес госпиталь   орналастырылды.  
Госпитальдарда Қызыл әскердің он  мыңға жуық жауынгері мен командирлер емделді. Солардың көпшілігі әскери сапқа қайта оралды.  
Соғыстың төрт жылында  "Большевичка" тігін фабрикасы жиырма төрт дивизияны киіндіруге  жететін  әскери киімдер  тікті.  
Жасанды талшық зауыты (қала  тарихына  № 514  ретінде енді) майданға 1,7 миллиард  патрон жасауға  жететін  оқ  дәрі дайындады.  
Соғыс жылдарында тоғыз мыңға  жуық қостанайлық майдан даласына аттанды. 
Госпитальдарда, концлагерлерде  қаза  тапқандар  саны 3400 адам  болды. Басқа  деректерде 3700  адам.
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан      соғысына қатысы бар адамдар саны    6500-ге жуықтады. Соның  ішінде  майдангер-ардагерлер – 612  адам.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓